16.06.2017
"Он жылдықтар бойы жұмысын ауыстырмаған қазақстандықтар"
"Бірінші білімім медициналық, бірнеше жыл реанимациялық бөлімнің медбикесі болып жұмыс істедім. Екінші білімім бойынша педагогпін, шет тілдерінің оқытушысы: ағылшын және неміс тілі. Үнемі өз білімім мен қабілетімді адамдардың өмірін өзгерте алатындай қолданғым келетін.
20 жылдан астам уақыт аралығындағы менің қызметім Қазақстандағы азаматтық қоғамды, коммерциялық емес ұйымдарды дамытуға бағытталған. Бұл жолдың басында Алматы қаласындағы халықаралық ұйымдарда жұмыс істедім. Бір кезде менімен пікірлес адамдармен бірге бірдеңе ашқымыз келіп, «КАМЕДА» зерттеу және консалтинг орталығын аштық. Біздің міндетіміз — қоғамдық ұйымдарды бизнес және мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас арқылы дамытуға көмектесу. Және біз Қазақстандағы әр коммерциялық емес ұйым өз міндетін сәтті орындаса деп армандаймыз.
Елімізде түрлі бағыттағы қоғамдық ұйымдар көп: экологиялық, мүгедек балалармен жұмыс бойынша, АИВ-жұқтырған адамдармен жұмыс, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытумен жұмыс істейтіндер бойынша ұйымдар. Олардың көпшілігіне көмек керек: өтінімді қалай жазу керектігін үйрету, ақшаны қайдан табу қажет, мемлекеттік құрылымдармен қалай байланыс орнату керек. Жұмысымыздың алғашқы блогы — оқыту: семинарлар, тренингтер, вебинарлар. Екінші блок — жанама зерттеулер жүргізу. Үшіншісі — әлеуметтік және мемлекеттік жобалар мен қызметтерді бағалау және сараптама жүргізу. Сондай-ақ, тағы бір бағыт — краудфандингті іске қосқалы отырмыз.
Ішкі ережелерімізге және жалпы коммерциялық емес ұйымдардың жұмыс принципіне сәйкес ротацияның белгілі бір жүйесі бар. Алғашында Алматы қаласында жұмыс істей бастадық және жолымыздың басындағы директор Александра Казакова болды. Кейін уақыт өте келе, Астанада да тіркелдік және сол кезден мен директор боламын деп шештік. Бір жылдан соң басқа директор тағайындайтын шығармыз деген ойдамын.
Мен «КАМЕДА» қоғамдық қорында 11 жыл бойы жұмыс істеп келемін және ары қарай жалғастырмақпын. Себебі, істейтін жұмысым маған ұнайды, оның үстіне барлық жобаларымыз бен әріптестеріміздің жобалары жүзеге асатынына сенемін және ол бекерге жүзеге асып жатқан жоқ, біз расында адамдар өмірін өзгертеміз. Қазір біз қоғамдық ұйымдар қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізумен айналысудамыз. Менің ойымша, патриотизм — өз-өзіңнен : «Ал мен өз елім, қалам мен айналамдағылар үшін не істедім?» деп сұрай білу."