Кітапхана
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқырманды Батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады. Осы күрделі міндетті жеңілдету мақсатында, ол Батыс философиясы дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді деген 25 шығарманы іріктеп ұсынған. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі философия тарихын қамтыған жинақ адамзат ақыл-ойының құнарлы нәрі мен көркем табиғатына енді ден қоя бастаған жас қауымға даналық мәйегін түсінікті де тартымды тілмен баяндайды. Жинақта әр философиялық шығармадағы түйінді идеялар талданып, түсіндірме берілген.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пай- ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр – философияның гүлдену кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі ХІІІ және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон Дунс Скот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті. Көпшілік оқырманға арналғанымен, Кеннидің ұлы философтардың ойларын терең талдайтын әңгімелері, ең алдымен, Батыс философиясына ден қойып жүрген студенттерге қызық болмақ. Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейннің өмірбаяндарына арналған ғылыми-көпшілік еңбектер жазған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады. Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.

Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен постмодернге дейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи теорияларына терең шолу жасайды.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
«Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең мағлұмат береді. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді. Мәдениет және оған қатысты теориялық көзқарастар, оның әралуандығы мен жаһандануға байланысты тақырыптар қамтылып, қоғамдағы институттар туралы толыққанды ақпарат беріледі, қоғам құрылысы, топтар, желілер, ұйымдар және олардың қызметтерi талданады. Оқулық әлеуметтануға қызығатын ортаға, студенттер мен магистранттарға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Атауы айтып тұрғандай «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған. Бұл кітап «Тіл біліміне кіріспенің» оныншы басылымы болғандықтан, онда елеулі толықтырулар мен жаңалықтар бар. Бұл ақпараттың басым көпшілігі студенттерге лингвистика мәселелері жөнінде жүйелі білім алуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болуға көмектеседі. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Басылымдағы жаттығулар студенттердің материалдарды қаншалықты игергенін тексеруге мүмкіндік береді. Кітап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін үйренушілерге, филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге жұрттың тілі мен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр. Мәдениетаралық коммуникация – бүгінде кезкелген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. Қазақ тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Кітап тілшілерге, дипломаттарға, әлеуметтанушыларға, психологтар және мәдениеттанушыларға, сондай-ақ, қызметі мен күнделікті өмірде ұлтаралық және мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен бетпе-бет келетін көпшілікке арналады.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен. Карен Амстронг – ағылшын ғалымы.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ол ондаған тілге аударылып, екі миллион данамен таралды. Оқулықтың қазақ тіліндегі алғашқы басылымы ағылшын тіліндегі он екінші басылым негізінде дайындалды. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды. Менеджер жұмысына тікелей де, жанама да әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әрқайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі. Кітап жоғары оқу орындарының «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг» және басқа да мамандықтарда оқитын студенттерге, оқытушыларға, кәсіп бастаушы бизнесмендерге, кәсіпорын басшыларына, менеджмент жөніндегі білімін арттырғысы келетін кез келген оқырманға арналған және қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кəсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезеңдерін сипаттайтын бастау, жоспарлау, қалыптасу жəне даму сатылары жүйелі əрі дəйекті түрде талданған. Кəсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажет ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген.
Кітаптың мақсаты – оқырманды кəсіпкерліктің үздік тəжірибелерімен таныстырып, тəжірибелік жəне эксперименттік оқыту əдістері арқылы кəсіпкерлікке қажет дағдыларды сіңіру. Кітап бизнесі бар кəсіпкерлер мен болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі МВА курсының оқулығы ретінде ұсынылады.

Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Бұл кітап – Мэнкьюдің классикалық еңбегінің бейімделген нұсқасы. Оқулықтың басты артықшылығы – автордың экономиканы оқырман көзқарасымен көрсететінінде. Зерттеулерде анықталғанындай, бұл оқулық қолдануға өте ыңғайлы және бизнеске бағдар бола алады. Нақтылықпен жазылған мәтін саясат пен экономика теориясын еркін түсіндіреді.
4-басылым толықтай жаңартылды. Кейбір идеяларды, мысалы, Марксизм мен Феминизм теорияларын кеңінен түсіндіру үшін жаңа тақырыптар қосылды. Қаржы нарығы туралы жаңа бөлім қаржы дағдарысы мен оның себептері тақырыбын қамтиды. Ал соңғы бөлім дағдарыстан кейінгі әлем және жаңа теориялардың пайда болуына қатысты сауалдарға жауап береді.

Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген. Бұл оқулық – сол жұмыстың нәтижесі.
Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған.
Бұл оқулық антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандарға арналған.

Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен не істер едім?» – деген ой үстінде болады. Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген. Кітап – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. Жас оқырманға арналып жазылған «Өнер тарихы» – оқушылар мен студенттерді аталған пәнмен таныстыратын кіріспе оқулық әрі өнерге қызығушы көпшілікке тартымды ғылыми танымдық еңбек.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
«Семиосфера» – Ю.М. Лотманның семиотика теориясы мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіретін жетінші еңбегі. Бұл кітап оны Мәскеу – Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты. Автор оқулықта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет коммуникация алғышарттарына тоқталады. Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар, семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіріп өтеді. Семиосфераның ішкі құрылымы және заңдылықтарын, өзге де семиотикалық құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді.
Кітаптағы монографиялар («Мәдениет және жарылыс», «Ойшыл әлемдер ішінде»), әр жылдары жарық көрген мақалалар бүгінгі таңда қайтадан ғылыми қолданысқа еніп, гуманитарлық білім мамандары үшін бағалы дүниеге айналды.
«Семиосфера» студенттер мен педагогтарға, мәдениет тарихшыларына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттің сан қатпарлы құбылыстарына қызығушылық танытатын барлық зерттеушілер қауымына арналған.

Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді. Әдетте, адам өзіндік менін сырт көзге жақсы әсер қалыптастыру арқылы көрсетеді. Бірақ бұл оның шынайы бейнесі ме? Онлайнда ашық-жарқын адам оффлайнда да сол қалпын сақтай ма? Осындай қызықты мәселелерді белгілі әлеуметтік психологтардың дәстүрлі зерттеулерімен салыстыра таразылайды. Онлайнда өзгенің басындағы жағдайды, жан-дүниесіндегі арпалыстарды, жалғыздықты, көпшіл-бауырмал болуды түсіну мәселесіне де автор терең көз жүгіртеді. Онлайн-орта қалыптастыратын топтарға конформдылық, топ пікірін қабылдауға бейімділік те адам жаратылысының бір қыры екені жан-жақты мысалдармен дәлелденген.
Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.
Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих – бір-бірімен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Демек, тарихи оқиғалар да халықтың сөйлеу тіліне байланысты өрбиді. Бұл еңбекте тілдің тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған.
Оқырман қытай, грек, араб, латын, ағылшын, испан, португал, мысыр, герман және славян тілдері тәрізді кең тараған ірі тілдермен қатар, африка тайпалары мен австралиялық бушмендер сөйлейтін хойсан және банту тобындағы ұсақ тілдердің пайда болу тарихы мен сыр-ипатына да қанық болады.
Бұл еңбек ЖОО тарих, лингвистика және шет тілдері факультеттері студенттеріне оқулық ретінде арнайы жазылған.

«Essentials of Strategic Management: The Quest for Competitive Advantage» – «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу» оқулығы стратегиялық менеджмент принциптері мен талдау тәсілдеріне концептуалдық тұрғыда маңызды әрі мазмұнды әдістеме жасап ұсынған. Студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын ең озық түрлеріне, үздік әдіс-тәсілдеріне жан-жақты талдау, зерттеу жүргізеді. Кітапта жалаң мәтін жоқ, әр курс мәселені талқылауымен, өзекті мысалдар келтіруімен мәнді. Әлемге әйгілі компаниялардың тыныс-тіршілігінен маңызды, қызықты мысалдар беріледі.
Түрлі жаттығулар студенттердің алған теориялық білімін пысықтайды, симуляциялық ойын тәжірибесі студенттердің курсқа деген ынта-ықыласын арттырады. Кітапта теория мен практика бөле-жара қарастырылмайды, екеуі бірін-бірі толықтырып, оқулықтың мазмұнын байытқан.
5-басылым академиялық салада, менеджмент тәжірибесінде қолдануға лайық, оқытушыға арналған тың әдістеме ұсынады. Жалпы менеджмент саласына қызығатын оқырман үшін аса құнды, қажет еңбек. Сонымен қатар қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

«Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент» оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады. Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады. Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент тақырыбы біздің қоғам үшін тың дүние екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, оқулықтың құндылығы айқын көрінеді. Кітап қазіргі сұранысқа сай жазылған. Мәтіндер мазмұнды мысалдармен, тақырыптар кесте, сызбалармен толықтырылған. Оқулық бизнес, инженерлік-технологиялық және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге, ұстаздарға, сондай-ақ жалпы стратегиялық менеджмент, инновациялық технология тақырыптарына қызығатын көпшілік оқырманға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Филип Котлер мен Гари Армстронгтың «Principles of Marketing, Global edition» – «Маркетинг негіздері» оқулығы маркетингті жоспарлау процесінен бастап, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты түбегейлі, егжей-тегжейлі қарастырады. Бұл іргелі еңбекте әр жылы жаңа пайда болған трендтер мен процестер сараланып, толықтырылып, қайта жазылған. Қазақ тіліне кейінгі 17-басылымы аударылып отыр.
Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, әлемдегі, елдегі, қала берді қала мен аудандағы оқиғалар мен өзгерістерге ілесіп отыру, оларды өз пайдасына жарату, соған бейімдеп кампания ұйымдастыру, нәтижесін қадағалау – маркетолог жұмысының әр сатысы, әр қадамы нақты мысалдармен, кейстермен бекітіліп сипатта- лады.
Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Гарвард университетінің профессоры Стивен Пинкер – ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болған әлемге танымал ғалым. Зерттеушінің «Тіл – инстинкт» атты бұл кітабы қоғамда қызығушылық тудырғаны үшін Америка психология қауымдастығының және Америка лингвистика ұйымының сыйлығымен марапатталған.
Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды.
Оқулық жоғары оқу орындары студенттеріне, тіл біліміне және психологияға қызығушы көпшілікке арналған.

Бұл оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Кітаптың «Дизайнның принциптері мен практикасы» деп аталатын І бөлімінде білім алуға және оны жоспарлауға қатысты цифрлық технологиялардың қағидалары мен теориялары егжей-тегжейлі қарастырылып, оларды тиімді қолдану жолдары көрсетілсе, ІІ бөлімде дизайнның пәндік қырлары ортаға салынып, мобильді және сымсыз есептеу техникасы саласындағы жетістіктер, тәжіри- бе жүзіндегі жобалау мүмкіндіктері, күрделі жүйелер мен мобильді оқытуды дизайнға түсіру туралы тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытындылаушы ІІІ бөлімде авторлар осы технологияларды болашақта қолдану аймақтарына шолу жасай отырып, оған қатысты нақты үлгілер ұсынады.
Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.
Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Panorama: Дүниежүзі тарихы» («Panorama a World History») деп аталады. Кітап Homo sapiens өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, ХVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған. Әр бөлімде адамзат тарихының кең шалқары кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.
Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және соны деректерді молынан кездестіреді. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырманға пайдалы болады деп сенеміз. Кітап құрылымындағы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға алма-кезек ауысып отыратын тарихи оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық өрісін кеңейте түседі.
Кітап – ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңдетіп, дүниежүзі тари- хын зерттеп-білгісі келетін жалпы оқырманға да оқулықтың берері мол.

Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Орта және Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі үстірт көзқарасын сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады. Кіріспеде автор ориентализмнің бір-бірімен тығыз байланысты ғылыми-академиялық, саяси және әлеуметтік, идеологиялық сипатына тоқталып, оны жасырын және айқын деген екі топқа бөледі.
Бұл кітап гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постколониалдық зерттеулерге негіз салды. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ ғалымдарының ориенталистік мәтіндерін мысалға келтіреді. «Батысқа өзін өзгелерден ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», – дейді автор.
Бұл ауқымды еңбек студенттермен қатар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.

«Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» – кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа cаласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады.
Кітап тілі қарапайым әрі қызықты. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Сондықтан жаңалықтар өндірісіндегі идея, ақпарат ағынын шолу, тарату, келіссөз жүргізу сынды процестердің қыр-сырымен танысып, журналистік зерттеудің маңызына көз жеткізуге болады.
Кітаптың басты құндылығы – медиа маманы болуға талаптанған студентті немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маман ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.

Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипатта берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.
Кітапта структурализм, постструктурализм бағыттары зерделенеді. ХХ ғасырдың 50–60-жылдары туындап, 70-жылдары дами түскен ағымның негізгі өкілдері – М.Фуко, Ж.Бодриар, Ж.Деррида, Л.Альтюссер, Ю.Кристева, Ж.Лакан, Р.Барт, Ж.Делөз, Ж.Лиотарлар әдебиет, саясат, лингвистика, философия, мәдениет салаларына жаңа леп әкелу мақсатында философиялық әрі әдіснамалық дүниетаным ретінде постструктурализм сынына ерекше көңіл бөлді. Әдебиеттанудың осындай өзекті мәселелері көрнекті шығармалар мысалында талданып, жаттығуларымен қоса берілген.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады.
Сондай-ақ, бұл басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытынды тарауда студенттер оқу процесі барысында өз бетінше орындауға тиіс тапсырмалар берілген.
Қазақ тіліне жетінші басылымынан аударылған бұл оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

Бұл – философияның қайнар бастауынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының төртінші томы. «Антика философиясы» деп аталатын алғашқы томында классикалық Грекия мен Римдегі ежелгі философия сипатталды. Екінші том, «Орта ғасыр философиясы», оның Әулие Аугустиннен гуманистік Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихын баяндады. «Қазіргі заманғы философияның бастауы» атты үшінші томда XVI, XVII, XVIII ғасырлардың және Гегельдің өмірден озуымен аяқталатын ХІХ ғасырдың басты философтары қарастырылды. Қолыңыздағы төртінші томда ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы философия қамтылады. «Қазіргі заман философиясы» деп аталатын оқулық, негізінен, бакалавриат курсына арналған. Сонымен қоса философия іліміне қызығушылық танытқан оқырманға да лайықталып жазылған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының үшінші томы «The Rise of Modern Philosophy» – «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды. Бұл томның бастапқы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялық тақырыптарды талқылауға қосқан үлесі қарастырылады. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптасқан ең құнды деген құралдардың кейбірінен бас тартса да, осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты. Олар осы том тарауларында терең талданып, айқын сипатталды. Бұл том, ең алдымен, бакалавриаттың екінші және үшінші курстарына арналған. Оған қоса, бұл кітап философия ілімін танып-білуге талпынған қауымның қай-қайсысына да өте пайдалы.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Бұл кітап – халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары, шарттардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды.
Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда-саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты күрделі мәселелер, халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады. Сондай-ақ, бұл еңбекте халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі тәуекелдері (валюталық, құқықтық, қаржы- лық т.б.) мен стратегиялары (делдалдардың қызметін пайдалану, халықаралық банктермен бірлесе жұмыс істей білу, тікелей шетелдік инвестиция, контрсауда және халықаралық сатып алу-сату келісімшарттарын жасау т.б.) кәсіби һәм ғылыми тұрғыдан сараланып, екшеп көрсетіліп, деректер де молынан келтіріледі. Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы. «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта» оқулығы бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық прициптерді түсінуіне жол ашады. Бұл кітап заңның сақталуы ғана емес, сонымен қатар, пайда және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру үшін заңды қалай қолдану керектігін ерекшелеп көрсетеді.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл – «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады. Бұл – болашақта халықаралық бизнеске араласатын студенттер үшін таптырмас оқу құралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Кез келген ұйымның басты байлығы – адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.
Қызметкерді жұмысқа қабылдаудан бастап, оның қызмет бабымен өсуі, ұйымның дамуына, табысқа жетуіне үлес қосуы, осы жолда бар білімі мен тәжірибесін пайдалануы, оқуы, жетілуі, дамуы – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімнің зерттеу нысаны.
Ник Уилтонның «HR-менеджментке кіріспе» (An Introduction to Human Resource Management) оқулығы – осы ілімнің шымылдығын ашатын, ұйымдардағы HR-менеджердің қызметіне бағыт беріп, әр қадамын зерделейтін іргелі еңбек. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 3-басылымы аударылып отыр. Кітап менеджмент мамандығында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, жалпы оқырман қауымға арналады және қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе HR-менеджердің міндеті. Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. Осы күрделі тақырыпқа арналған Стивен Роббинс пен Тимати Джадждың әлемге танымал еңбегінің қазақ тіліне 14-басылымы аударылып отыр.
Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай-ақ MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.
Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай-ақ MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері.
Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.
"Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғылы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді?" деген сұраққа автор айрықша мән берген. Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.

Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыда ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудағы оқыту мақсатының нақтылығы студенттерді материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұнын қалыптастыруға негіз болады. Әр тараудың басы мен аяғында жетекші компаниялардағы даму сатылары түрлі мысалдармен беріліп, карьера жасағысы келген және оны әрі қарай дамытуды көздеген бизнес иелері үшін таптырмас бизнес-тәжірибе үлгілері, толымды зерттеулерге бай материалдар ұсынылған. Сонымен қатар, медиа, хат, ұсыныс, аудиторияға бейімделу, клиент тарту, оларға көңіл бөлу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемінде коммуникацияның алар орны ерекше екені кеңінен баяндалған. Сондай-ақ, онлайн режимдегі қызметтер де назардан тыс қалмаған. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жетілдіріп, әсер қалдыруды, өз ойын жеткізуді, қобалжу сезімін жеңуді үйренгісі келетіндер үшін авторлардың берер кеңесі мол. Кітап менеджмент, PR, коммуникация мамандығында оқитын студенттерге, кеңседе жұмыс істеуге қажет маңызды іскерлік дағдыларды қалыптастырғысы келген оқырмандарға, бизнес-карьераға қызығушылығы бар көпшілікке арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.
Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.
Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Кітапта архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы, тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылып, тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі әрі тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерделенеді. Бұған қоса еңбекте өткенді қабылдаудың түрлі формалары, тәсілдері мен деңгейлері, әртүрлі дәуірлердегі тарихи ой өкілдерінің концепциялары, орыс және шетел тарихшыларының әйгілі туындылары, тарихи білімнің табиғаты, шынайылық критерийлері, ғылыми және қоғамдық мәртебесі туралы заманауи пікірталастар талданады. Оқулық жоғары оқу орындарындағы тарих факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, оқытушыларға және тарихқа қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Бұл кітап – азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындағы реформаларды ескерсек, қай нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарға жауапты осы кітаптан таба аласыз.
Еңбек заң факультетінің студенттеріне, азаматтық іс жүргізу саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Еңбек заң факультетінің студенттеріне, азаматтық іс жүргізу саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Француз философы Жил Делөз (1925–1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға бөлу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыc-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б ұғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады.
Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясына да, кино сынына да зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді.
Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Оқу құралы оқырмандарды заманауи тарихи зерттеулердегі аса ықпалды бағыттардың бірімен таныстырады. Мұнда антропологиялық бағыттағы тарихтың бастапқы (менталдылық тарихы) түрлерінен бастап, кейінгі түрлеріне (микротарихтар, күнделікті өмір тарихы, жаңа мәдени тарих) дейін қамтылған. Тарихи-антропологиялық бағыттағы жұмыстардың жалпы сипатымен қатар, жекелеген ұлттық мектептердің (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания) өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі. Тарихшылар мен антропологтардың пәнаралық пікір алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.
Оқу құралы тарихқа маманданатын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды оқып-үйренуші жалпы қауымға арналған.
Оқу құралы тарихқа маманданатын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды оқып-үйренуші жалпы қауымға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Осы оқу құралының мақсаты-тарихшы-студенттерді өздерінің зерттеу жұмысында қажет болатын этнологиялық мәліметтермен таныстыру. Сондықтан онда этностардың қызмет ету механизмдеріне, олардың өзін-өзі ұйымдастыру процестерін түсіндіруге және өзгеріп жатқан табиғи және әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуге, сондай-ақ тарихи зерттеулерде этнологиялық тәсілдерді қолдану ерекшеліктеріне қатысты этнология бөлімдеріне басым назар аударылады.
Оқу құралы негізгі этнологиялық тұжырымдамаларды, сондай-ақ мәдениеттанудағы, дәстүрде, әлеуметтанудағы, саясаттанудағы, конфликтологиядағы тұжырымдарды егжей-тегжейлі шолуды қамтиды. Бұл тарихи очерктер автордың зерттеу жұмысына және кейбір жағдайларда оның тікелей бақылауына сүйеніп, қайталама көздер негізінде жазылған. Бұл олардың бірнеше схемалық сипатын түсіндіруге болады.

«Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық» (Doing your research project: The essential guide to) кітабында зерттеу жобасын жүргізу процесінің әр кезеңі сипатталады. Студенттерге қосымша кө-
мек ретінде: зерттеу жобасына дайындалу; зерттеуге қатысты сұрақтар әзірлеу; зерттеудің этикалық нормаларды сақтауы; әдістерді таңдау және тәжірибеден өткізу; деректер жинау және талдау, т.б. зерттеу жүргізуде қажет болатын қадамдар туралы толық айтылады.
Зерттеу саласында қамтуға болатын бақылау тізімі, зерттеу процесін жан-жақты ашатын авторлық видеороликтер, негізгі концепцияларды бекіте түсетін қосымша әдебиеттер, тақырыпқа қатысты бағдарламалық құрал мен онлайн құралдарды көрсететін уеб сілтемелер, басқа да көптеген үлгілер, мысалдар жұмыстың әр қадамын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кітапта студенттің зерттеу жобасын бастап, сәтті аяқтауына көмектесетін барлық құралдар қамтылған. Сондықтан, ең алдымен ЖОО суденттеріне арналған. Зерттеу жұмысын жазып көргісі келетін көрерменнің барлығына пайдалы кітап болатыны сөзсіз.

«Кино өнерінің теориясы» курсына арналған оқулық. Авторы – кино өнерінің белгілі теоретигі әрі оның тарихын зерттеуші, ол өз тұжырымдамасында киноны ХХ ғасырдың өнеріне балайды; сондай-ақ бүгінгі адамзаттың рухани әлеміндегі киноның алар орнына баға береді. Зерттеу аясы айтарлықтай ауқымды: мұнда классикалық кинодан бастап, қазіргі заманғы киноға дейін қамтылады. Автор кино мен телевизияның өзара қарым-қатынасына, «асқақ» және «аласа» жанрларға, кинодағы бүгінгі стильдерге, киноның тәсіліне және оның театр, әдебиет, кескіндеме және музыка тәсілдерінен өзіндік айырмашылығына баса назар аударады.
Театр және кинематографиялық ЖОО студенттеріне арналған.
Театр және кинематографиялық ЖОО студенттеріне арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институты теория бөлімінің меңгерушісі, халықаралық эстетика қауымдастығының мүшесі болған Юрий Боревтің кітабында заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жан-жақты баяндалады. Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедия-лық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген.
Оқулық өнертанушыларға, эстетикаға қызығатын қалың оқырманға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған.
Оқулық өнертанушыларға, эстетикаға қызығатын қалың оқырманға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Алғаш рет қазақ тіліне аударылып отырған Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан және қазіргі кезде әлі де өзектілігін жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын ұғымдарға қатысты сұрақтар қарастырылады. Кітапта осы сұрақтарға жауап іздеген Платон және Аристотель сияқты ежелгі грек философтары мен Гоббс, Локк, Руссо, Бентам, Юм, Милль, Ролз және Нозик сияқты қазіргі заман ойшылдарының көзқарастары мен тұжырымдары талданады.
Сонымен қатар қазіргі қоғам мен мемлекет алдында туындаған әйел құқықтары, нәсілдік ерекшелік, позитив дискриминация және келер ұрпақтың құқықтары сияқты өзекті мәселелер де жан-жақты қарастырылған.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бұл кітаптың тілі жатық әрі мазмұны қызықты.
Саясат философиясының негізгі ұғымдарын танып, ұлы ойшылдардың көзқарастарын шолып, саяси ой кеңістігін тереңдеткісі келетін студенттер мен қарапайым оқырмандарға бұл оқулықтың берері мол.

Нил Эндрюс екі томда да Англия мен Уэльстегі (екеуі де құқық саласында жетекші саналады) азаматтық іс жүргізуді егжей-тегжейлі қарастырған. Сондай-ақ дауларды реттеудің барлық негізгі түрлерімен таныстырады: бұл кітап – сот талқылауы, медиация мен арбитраж, сот әділдігі жан-жақты әрі практикалық тұрғыда қамтылған бірегей қайнар көз. Оқулықтағы ауқымды сыни және принципті түсіндірулер Англияның ғана емес, шетелдік азаматтық іс жүргізу құқығындағы әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жасалған. Дауларды реттеу тәжірибесі талқыланған: мемлекеттік, жеке, сот және бітімгерлік – сот және арбитраж жүйесі, сондай-ақ медиацияның дамып келе жатқан техникасы туралы түсінік қалыптастырады. Оқулықта мемлекеттік (Англия) және шетелдік жұмыстардың (азаматтық іс жүргізудегі) дәйексөздері мен библиографиялық сілтемелері молынан қамтылған.
Кітап – құқық саласындағы кеңесшілер, судьялар, студенттер және осы салаға қызығушылық танытушы барлық оқырман үшін таптырмас анықтамалық құрал.
Кітап – құқық саласындағы кеңесшілер, судьялар, студенттер және осы салаға қызығушылық танытушы барлық оқырман үшін таптырмас анықтамалық құрал.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Танымал ағылшын заңгері, құқықтанушы Нил Эндрюс бұл еңбегін ағылшын келісімшарт құқығы тақырыбына арнаған. Халықаралық мәмілелер жасасатын тараптар өзара қатынастарды реттеу құралы ретінде көп жағдайда ағылшын құқығына басымдық беретіні белгілі.
Кітапта келісімшарт жасасу ережелеріне түсіндірме беріліп, оқуға қосымша әдебиеттер ұсынылған. Бұл еңбектің қалың оқырман қауымға, ортақ құқық қағидалары қолданылатын және қолданылмайтын елдердегі заңгерлер, судьялар, іскер топ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, құқықтанушы ғалымдар, студенттер мен қатардағы азаматтарға көмегі тиері анық.

Оқулықта дін, утилитаризм, деонтология, табиғи құқық, қайырымдылық және феминистік этика, сонымен қатар қазіргі кезде жиі талқыға түсіп, қызу пікірталастарға негіз болған эвтаназия, мораль, әділ экономика, жануарлар, соғыс пен зорлық-зомбылық және жаһандану этикасы кең талқыланады. Саланың теориясы мен практикасы ұштастырылып, тарихи және заманауи еңбектер мен дәстүрлі және қазіргі дереккөздерге негізделіп жасалған философиялық тұжырымдар кітапты қызықты ете түседі әрі оқырманның этикалық теориялармен қазіргі моральдық пікірталастардың негізгі аспектілерін зерделеп, өз бетінше зерттеу жүргізуіне мүмкіндік береді. Алуан түрлі пікір мен философиялық мәселелер талқыланатын кітапқа әлемге әйгілі философтар тұжырымы негіз етіп алынған.
Оқулық этика саласы бойынша курс оқып жүрген студенттерге, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің этикалық негізін танып-білуге қызыққан оқырман қауымға арналады.
Оқулық этика саласы бойынша курс оқып жүрген студенттерге, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің этикалық негізін танып-білуге қызыққан оқырман қауымға арналады.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Алты бөлімнен тұратын бұл кітап – авторлардың қырық жыл бойы ізденіп жазған сапалы да мазмұны зор ауқымды еңбегі. Кітапта фильм өндірісі процесінің әртүрлі аспектілері, кино технологиясы, жұмыс жүргізу мен оның бизнеске қатысты тұсы және фильм формасы кеңінен сөз болады. Фильм жасау техникалары: мизансцена, кинематография, монтаждау тәсілдері көптеген мысалдарды орайластыра отырып талданады. Жанр идеясы ерекшелігіне қарай топ-топқа бөлініп, жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар фильм жөнінде өзіңіздің сыни көзқарасыңызды қалыптастыруға ықпал етеді. Кино өнерінің тарихы туралы да айтылады. Туынды фильм түсіруге, кино жайлы еңбек жазуға талпынған мамандарға, осы саладағы студенттерге, оқытушыларға, әуесқой фильм түсірушілерге арналған. Қарапайым көрермен болса бұл кітап арқылы фильмді түсініп, оны бағалауды, ой-пікір білдіруді үйренеді.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Кітапта кино теориясына тарихи шолу жасалады. Авторлар киноны қабылдау мен тән арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады және терезе мен жақтау, есік, айна, көз, тері, құлақ және мисияқты жеті концептуал метафора негізінде саралайды. Қорытынды тарауда цифрлық дәуірдегі кинематографиялық тәжірибені зерттеу жолдары көрсетіледі.
Қазақстанда ұлттық кинематография қанат жайып, дамып келе жатқанда бұл еңбектің бағыт-бағдарымызды айқындауға, әлемдік үдеріске араласуға, жаңа ағым-тәсілдердің, кино жаңалықтарының бел ортасында жүруге септігін тигізері сөзсіз. Басылымда негізгі ұғымдарды түсіндіруге арналған глоссарий қоса берілген.
Кітап гуманитарлық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, сала мамандарына және кино теориясына қызығатын оқырманға арналған.

Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтып, қыр-сырымен таныстыратын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, әділетсіз бәсекелестік пен құпия ақпарат мәселелерінің әрқайсысына бірнеше тарау арнап, тақырыпты жан-жақты талқылайды. Тек академиялық пікір айтып қоймай, ағылшын-саксон құқығы мен Еуропа одағына мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері мен құқықтық-нормативтік актілерін талдайды.
Интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу кезеңдері технологиялық прогресспен және халықаралық сауданың дамуымен тығыз байланысты. Осы себепті, авторлар соңғы жылдардағы өзгерістерді қамту үшін еңбекті бірнеше дүркін жаңғыртқан. Айталық, осы қолыңызға ұстап отырған бесінші басылымында Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуы, (Brexit), Еуропалық тауар белгісі режимі, Еуропа сотындағы соңғы кейстердің, Транс-Тынық мұхиты сауда келісімі (TPP) түйткілдерінің Интеллектуалдық меншік құқығының алдағы дамуына әсерін талқылайды.
Кітап қазақ оқырмандарына, әсіресе құқық саласының мамандарына арналған.

Соңғы жылдары білім беру ісін зерттеу жеке пән саласы ретінде қарқынды дамып келеді. Ұсынылып отырған еңбекте студенттерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында терең зерттеуді қажет ететін бірқатар жеке оқыту салалары жөнінде кеңінен баяндалған. Авторлар білім берудің түрлі аспектілері мен оған қатысы бар әлеуметтік және саяси құрылымдарды, ұлттық оқу бағдарламаларының жасақталуына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерді, экономикалық қысымдар мен саяси факторларды талдай отырып, білім беруді қаржыландыру, оның құрылымының кеңеюі мен өзгеруі жөніндегі мәселелерді де тілге тиек етеді. Білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқтала отырып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік және өзін-өзі бағалау жөніндегі білімін арттыруға көмектесетін оқыту стильдері, стратегиялары, тәсілдемелері мен преференцияларына қатысты жүргізілген зерттеулердің мәнін талдап және түсіндіріп береді.
Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығатын барша зерттеушілер мен практик-мамандарға арналған.
Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығатын барша зерттеушілер мен практик-мамандарға арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Майкл Паркиннің «Макроэкономика» оқулығы – дүниежүзіне танымал оқулықтардың бірі, өйткені ол экономикаға қатысты соңғы саяси ұстанымдар мен деректерді аналитикалық негізде бере отырып, пән маңызын арттыра түседі. Азық-түлік тапшылығынан бастап жаһандық жылынуға дейінгі түрлі ғаламдық проблемалар неліктен туындайтынын анықтап, оның салдарын, көрсеткішін жан-жақты талдайды, теория мен практиканы ұштастырады.
Автор ең маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға шығарады. Оқулықтың әр тарауы қазіргі дүниежүзіндегі басты мәселелердің бірінен басталып, одан әрі тақырып теориялық тұрғыда талданып, соңында қосымша сұрақтар қойылады. Сондай-ақ студенттерді экономикадағы соңғы зерттеу, тұжырымдамалар мен ақпараттан хабардар етіп, «экономист» сияқты ойлауға үйретеді. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 13-басылымы аударылып отыр.
Кітап экономика, қаржы мамандықтарында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, оыс тақырыпқа қызығушылық танытқан оқырманға арналады.

Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы – жергілікті экономикалық қатынастарды түсіндіретін оқу құралы. Жеке адамның қалауы мен таңдауынан ел экономикасы қалай қалыптасатыны, ол жаһандық экономика процестерімен қалай сабақтасатыны, ақша қатынастары қалай жүргізілетіні, салық неден қалыптасып, елдегі әлеуметтік бағдарламалар қалай жүргізілетініне дейін нақты кейстер мен мысалдарға сүйене отырып түсіндіріледі.
Қазақ тіліне он үшінші басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алып жатқан болашақ экономист, менеджер, маркетологтарға, сондай-ақ экономикалық қатынастардың қалыптасу механизмін білгісі, түсінгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.

Е.Томас Гарман мен Рэймонд Е.Форгтың «Personal finance» – Жеке қаражат оқулығы – бұған дейін экономикада қаржы, несие, бағалы қағаздар, инвестициялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырыптарында жеке-жеке қозғалған мәселелерді топтастырып, жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек.
Ақшаны тиімді жұмсаудың әр қадамы сипатталып, жүйеленген бұл оқулық үнемдеуді және инвестициялауды, несиелерді басқаруды, салық төлеуді, кредит картасы бойынша борышыңызды азайту және қаржылық болашағыңызды жоспарлауға көмектеседі. Адамдар арасында жиі кездесетін қаржылық мәселелерді қамтыған кейстер мен кәсіби мамандар кеңесі тақырыптың маңызын түсініп, бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ұсынылған мысалдардың көпшілігі инвестициялау арқылы ұзақмерзімді қаржылық мақсаттарға жетуге болатынын айқын көрсетеді. Оқулық мақсаты – кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қол жеткізу және риск-менеджментті үйрету. Кітап ерекшелігі, АҚШ-та жеке қаражатты ұтымды басқару жолдарымен қатар, әр тарау Қазақстанға арнайы бейімделіп, тиісті ақпаратпен, кейстермен толықтырылған.
Кітап экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға және қаржысын тиімді басқаруға ниет білдірген барлық оқырманға арналған.

«Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» – концептіден дайын сценарийге дейінгі сатылы нұсқаулық. Бұл – маманданған әрі сценарий жазуды жаңа бастап жүрген сценаристерге арналған кәсіби оқулық.
Автор шығарманы сценарийге бейімдеу тәсілінен бастап идеяны дамытып, кейіпкер қалыптастырып, кезең-кезеңімен жазу жолын көрсетеді. Сонымен қатар дайын сценарийді сату жолдарын тәптіштеп түсіндіреді. Сид Филд сценарий жазу үйренуге болатын шығармашылық процесс екенін ескерте отырып, оны кез келген сала маманы меңгере алатынына сенім білдіреді.
Кітап жоғары оқу орындарында шығармашылық бағытта білім алатын студенттерге және киносценарий жазуды үйренгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.

Әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екені мәлім. Тарихқа көз салар болсақ, әлем музыкасы халықтардың түрлі салт-жоралғылары мен діндерінен, сан қилы тағдыры мен тұрмыстық ерекшелігінен тамыр тартады. Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды.
Кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған
Кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Мюнхенде (Германия) ғалым ретінде қалыптасқан театртанушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі осы саланы академиялық университеттік пән ретінде оқытуға арналған. Автор әдіснама, зерттеу әдістері мен тәсілдері мәселелеріне назар аударады. Кітаптың кіріспесі және 3 бөлімі, 12 тарауы бар. Жалпы арнайы пән пайда болғанға дейін театртанудың негізгі бөлігін Еуропа драмасының «алтын ғасырын» және классикалық Грекия, Шекспир, Мольер немесе Веймар классицизмі драматургиясын зерттеумен айналысқан әдебиет зерттеушілері қарастырды. Кейінгі жылдары бұл салаға бел шеше кіріскен зерттеушілер «Театртануды» жеке гуманитарлық пәнге айналдыра білді. Кітап театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіруге арналады. Театрдың аса күрделі табиғаты мен оны түрлі көзқарас бойынша зерттеу мүмкіндігін көрсету де басты бағдар ретінде алынған.
Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттерге, магистранттарға және осы саланы зерттеушілерге арналған.
Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттерге, магистранттарға және осы саланы зерттеушілерге арналған.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
Джозеф Ф. Хилидің «Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы» еңбегі алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Қолыңыздағы оқулық ағылшын тіліндегі төртінші басылым негізінде дайындалды. Оқулық төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауға бөлінген. Атап айтқанда, дескриптив статистика, орталық тенденция өлшемдері, дисперсия өлшемдері, қалыпты қисық, инференциал статистика, гипотезаны сынау түрлері, ассоциацияның бивариатив өлшемдері, мультивариатив техникалар тәрізді статистиканың ауқымды бөлімдері теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.
Сонымен қатар оқулықта статистика негіздері, оның әлеуметтік ғылымдарда алатын орны мен мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беріледі.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика бойынша білімін арттырғысы келетін оқырман қауымға арналған.

Джон Бейлис, Патриция Оуэнс және Стив Смит жетекшілігімен құрастырылған халықаралық қатынастар пәніне ең танымал кіріспе еңбекте саланың үздік мамандары жазған әлемдік саясаттағы басты теориялар мен жаһандық мәселелерге кеңінен шолу жасалады. «Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітаптың 7-басылымы халықаралық қатынастар саласындағы ең соңғы оқиғаларды қамтитын феминизм, нәсіл, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік емес ұйымдар секілді бірнеше жаңа тараудан тұрады және бұл саланың болашақтағы басты мәселелерін анықтайтын тақырыптармен таныстырады. Кітапта жаһандану дәуіріндегі әлемдік саясатқа шолу жасау, заманауи әлемдік саясатты түсіндіретін теориялық ұстанымдарды қысқаша баяндау және қазіргі әлемдік саясатты анықтайтын негізгі құрылымдар мен мәселелерді айқын түсінуге қажет материал ұсыну секілді үш түрлі негізгі мақсат көзделген. Бұл саланың жетекші мамандары халықаралық қатынастар тарихы, теориясы, құрылымы және басты мәселелерімен таныстырып, сізге оқу барысында теңдессіз нұсқаулық болып қала беретін халықаралық қатынастар әлеміне кіріспе ұсынады.
100 жаңа кітап Рухани Жаңғыру
«Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» – сценарий жазу шеберлігімен таныстыратын пайдалы еңбек.
Оқулықтың осы басылымында телевизия мен радиодан бөлек жаңа медиа да қамтылған. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Оқырман камераның ракурсы, пландардың қойылуы, композициялық шешім, кейіпкер, монтаж, дыбысты ойнату сынды тек практикада ұшырасатын дүниелердің алғышарттарымен танысады. Телевизия мен радиоға жазылған сценарийдің айырмашылығын, онлайн медиа мен әлеуметтік медиаға мәтін жазудың тәртібін түсінеді.
Кітаптың басты құндылығы – медиамаман болуға талаптанған студентті сценарий жазудың негізгі принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне баулиды. Еңбек жалпы медиа саласына қызығатын қалың оқырман үшін де пайдалы құрал бола алады.

Француз философы Жил Делөз (1925–1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды.
Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда, Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға бөлу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыc-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б. ұғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады.
Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясына да, кино сынына да зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді.
Кітап – кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.