Бұл қызмет «Астана қаласының Азаматтық бастамаларын қолдау орталығы» тақырыбындағы ММ «Нұр-Сұлтан қаласының Астана қаласы Қоғамдық даму істері» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба арқасында мүмкін болды.
Сіздерді тренинг залын ақысыз түрде ұсыну ережелері және шарттарымен танысуға шақырамыз.
Шарттар:
- «КАМЕДА» ҚҚ тренинг залын тегін жалға беруді тек Астана қаласының ҮЕҰ-на ғана жүзеге асырады.
- «КАМЕДА» ҚҚ тренинг залында Астана қаласының ҮЕҰ-ға ақысыз түрде іс-шара өткізу үшін өтініш скан ретінде kameda@inbox.ru пошталық мекенжайға жіберілуі тиіс. Іс-шара өткізілетін күні қол қойылған түпнұсқа мәлімдемені әкелуіңіз керек.
- Тренинг-залының мүлкін бүлінген немесе жоғалтқан жағдайда, тапсырыс беруші мүліктің бүліну актісіне сәйкес материалдық құнын өтеуге міндетті.
- Тәлім ережелерін,қауіпсіздік техникасын және гигиена нормаларын сақтау тиіс.
- Іс-шараның ұйымдастырушылары «KAMEDA» ҚҚ кеңсесіне іс-шараның басталуынана дейін кем дегенде 60 минут бұрын келуі тиіс.
- Шараның ұйымдастырушылары іс-шараға қатысушыларды қарсы алады.
- Іс-шараның қатысушылары үшін жауапкершілікте болу.
Ережелер:
- «КАМЕДА» ҚҚ тренинг өткізуге арналған кеңсе тауарлармен, кофе брейкпен және сумен қамтамасыз етпейді
- Іс-шара аяқталғаннан соң іс-шараның ұйымдастырушысы әкімшілікке хабарлауы және тренинг-залын тиісті түрде тапсыруы тиіс (қолданыстағы жабдық пен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар залдың тазалығын қамтамасыз ету).
- Өткізілетін іс-шараға байланысты барлық мәселелер алдын ала келісіледі(кем дегенде іс-шара өткізілетін күнінен 10 күн бұрын).
- Тапсырыс берушінің мүлкі үшін «КАМЕДА» ҚҚ жауап бермейді.
- Іс-шараны өткізу орны тренинг залынан тыс болмайды және жұмыс күндері, жұмыс уақытында өткізілуі тиіс.
- Келушілер іс-шараның қатысушыларына және тәртіп сақтаудың жауапты тұлғаларына қатысты құрметпен қарауға міндетті.
Қосымша қызметтер:
№ | Қызмет | Бағасы |
---|---|---|
1 | Сумен кулер | 800 тенге |
2 | Кофе брейк | 1700 адам басына |
3 | Материалдардың баспасы (қара-ақ, 50 беттен аспау тиіс). | 10 бір бет үшін |
4 | Проекторды пайдалану (залды 3 сағаттан артық жалдаған жағдайда) | күніне 1500 тг |