Дүниежүзілік ҮЕҰ күні коммерциялық емес ұйымдар мен еріктілерді құрмет тұтады, олар өз уақыттары мен ресурстарын әлемді жақсылыққа қарай өзгертуге жұмсайды.
Microsoft
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2021 жылдың 25-26 ақпанда өтетін Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне арналған «офлайн» және «онлайн» іс-шараларға қатысуға шақырамыз.
2020 жылдан бастап «КАМЕДА» ҚҚ осы кәсіби мерекені елордалық және республикалық деңгейде ұйымдастырған. Биыл аталмыш дәстүрді жалғастырамыз.
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні (Дүниежүзілік ҮЕҰ күні, ағылшын. World NGO Day) жыл сайын 27 ақпанда атап өтіледі.
2014 жылыдың 27 ақпанда бүкіл әлемдегі ҮЕҰ қауымдастығы үшін тарихи күн болды. «Дүниежүзілік ҮЕҰ күні» деп аталатын бұл халықаралық күнтізбелік күн алғаш рет халықаралық деңгейде ашылды. ҮЕҰ әрдайым әлеуметтік қозғалыстар мен өзгерістердің алдыңғы қатарында болды.
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік биліктің шешім қабылдау процесіне ықпал ету үшін саяси емес құралдарды қолдана отырып, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің өсуіне ықпал етеді.
Қазақстанның тәуелсіз даму тарихында үкіметтік емес ұйымдар азаматтық бастамаларды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, халықты қоғамдық өзін-өзі ұйымдастыру үшін жағдай жасау сияқты түрлі мәселелер бойынша азаматтық сектордың дамуына елеулі үлес қосты.
Іс-шараның спикерлері:
· Хамбар Бақытгүл – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығының директоры
· Аскарова Лязат – «EXPO & WOMEN» ҚМ атқарушы директоры, ЕҚЫҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі сарапшысы, WLP ұлттық жаттықтырушы (Women's Learning Partnership).
· Жұманбаева Ақерке - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің директоры.
· Ибрагимова Роза - АБО қаржы менеджері.
· Станқұлова Жазира - АБО заң кеңесшісі.
Егер Сізде сұрақтар туындаса, Сіз бізге kameda@inbox.ru электрондық пошта бойынша хабарласуыңызға болады.
Іс-шараға қатысу үшін, жоғарыда көрсетілген электроныдық пошта арқылы тіркелу қажет. Тіркелу мерзімі: 25 ақпан 00:00 сағат.